
Фото: Ерболат Шадрахов
Автор: Брайан Хануөрк
Тұмса табиғаттағы император шаянынан бастап, сусиыр мен валлабиге дейінгі аналық жануарларға зер салсақ, олардың көбінен өзімізді танимыз. Аналық мейірімнің фотообъективке іліккен ерекше сәттерін назарыңызға ұсынамыз.
Әр тіршілік иесі өмір сыйлаған анасына қарыздар. Бірақ орангутан мен сегізаяқ бір-біріне қаншалықты ұқсамайтын болса, жан-жануарлардың аналық мейірімі мен бала тәрбиелеу әдістері де соншалық әрқилы.
Бірі ұрпағын ағаштың ұшар басына немесе теңіз түбіне жұмыртқа күйінде қалдырса, енді бірі төлін жатырында ұзақ көтеріп, тірідей өмірге әкеледі. Табиғатта аналардың көбі ұрпағын жалғыз өсіреді, дегенмен олардың кейбіріне көмек қолын созатын күтуші не көмекші тап болып жатады. Біреуінің жанында ұрпақ тәрбиесіне атсалысатын серігі болса, екіншісі жалғыз жүріп, баласын жыртқыштардан жанын сала қорғайды.
Табиғатта ана мен бала арасындағы байланыс алуан түрлі формада көрініс табады. Мәселен, аналық арыстан ұрғашы төлінің қасында өмір бойы бірге жүрсе, гренланд итбалығы бар аналық мейірімін екі аптаға жетпейтін қысқа уақытқа сыйғызуға мәжбүр. Ал кесірткелердің кейбірі өз ұрпағын тіпті ешқашан көрмейді. Сегізаяқ секілді кей аналар ұрпағын өмірге әкелем деп өзі жан пида болады.
Төлін есейгенше аман-сау жеткізудің өзі оңай міндет емес. Ал оған маймыл, қабылан, кит немесе сұңқар болып тіршілік етуді үйрету – аналардың тағы бір жауапкершілігі.



Фото: Брент Стиртон, Nat Geo Image Collection

Фото: Норберт Розинг, Nat Geo Image Collection

Фото: Грег Лекёр, Nat Geo Image Collection

Фото: Дэвид Литшвагер, Nat Geo Image Collection

Фото: Майкл Николс, Nat Geo Image Collection

Фото: Кляйн мен Губерт, Nature Picture Library


Фотосурет: Ами Витале, Nat Geo Image Collection



Фото: Франс Лантинг, Nat Geo Image Collection


Фото: Сьюзи Эстерхас, Minden Pictures

Фото: ZSSD, Minden Pictures

Фото: Дуг Гимеси, Minden Pictures

Фото: Стефано Унтертинер, Nat Geo Image Collection

Фото: Ануп Шах, Minden Pictures

Фото: Маделейн Кастлс, Nat Geo Image Collection

Қадірлі оқырман, әлемдік деңгейдегі зерттеулерді фото және инфографика, карта түріндегі көрнекі безендірулерімен оқығыңыз келсе, мына нөмірге +7 771 149 9144 хабарласу арқылы журналымызды жаздырып алуыңызға болады немесе төмендегі «САТЫП АЛУ» батырмасын басып, Каспи арқылы жаңа журнал сатып ала аласыз.
