Уганда
18Сәу

Осы кезде бүкіл елде жүздеген адам күндегі жұмысын тастап, шегіртке аулауға шығады. Угандада тұздалған және қуырылған шегіртке – деликатес. Ашық базарларда, такси паркінде, жол жиектерінде бір қабы екі долларға сатылады.

15Нау

Мен бұл суретті Уганданың батысындағы ауылдың бірінде, қараусыз қалған үйдің терезесінен түсірдім. Бақылап тұрғанымда аулаға бірінен соң бірі екі шимпанзе келді. Олар терезеге мұқият үңілгенімен, әйнектің арғы бетіндегі мені көре алмайтынын біліп тұрдым.