Жер қойынында 37 миллион жыл бойы жатқан қазбаны аршып алған ғалымдар оны әуелде қойтас деп ойлады.
Жер қойынында 37 миллион жыл бойы жатқан қазбаны аршып алған ғалымдар оны әуелде қойтас деп ойлады.
Атлант мұхитындағы қауіпті дауылдарды айналып өту үшін қоңыр сайрақ қоныс аудару уақытын айлар бұрын белгілейді.
Тау жығылған жерді көргіңіз келсе….
Алтайлықтар үшін көшпелі мал шаруашылығы тек жайылымдық ресурс пен кеңістікті түрлендіру ғана емес
Өрттен қорғау мен экотуризмді дамытудың ілкімді қадамдары
Equus hemionus kulan – Орталық Азияда мекендейтін Азия жабайы құланының бір түршесі
Қызғылт қоқиқаз (Phoenicopterus roseus) – қырлытөс құстардың қоқиқазтектестер тобына жататын құс. Бойы 90-130 см, салмағы 4 кг-ге дейін жетеді.
Жаһанның жылынуы биік таулы аймақтағы тіршілік иелерінің жағдайын өзгертуі мүмкін
Өрмекшілердің жақыннан түсірілген суреттерінен олардың қаншалықты дара, көрікті, тіпті тартымды тіршілік иелері екенін аңғаруға болады.

Былтыр 7 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген рейд нәтижесінде 172 итбалықтың өлексесі табылды.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті итбалықтардың қырылу себептерін анықтау үшін Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығы, Гидробиология және экология институты, Микробиология ғылыми-өндірістік орталығы және «Вирусология» ЖШС, «Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі» ЖШС секілді ғылыми ұйымдарға, сондай-ақ Маңғыстау облысы экология департаменті, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгінді.
Ғылыми ұйымдар мен құзырлы органдардың өкілдерінен құралған топ итбалықтардың көпшілігі вирустық жедел пневмониядан өлген деген қорытындыға келді. Пневмония жануарлардың теңіздің қазақстандық бөлігіне күзгі шоғырлануы кезінде аралас тұмау мен морбилливирустық инфекциялардың өршуінен туған. Теңіз жануарларының иммунотоксикалық элементтермен және қосылыстармен үздіксіз улануы олардың иммунитеті мен жалпы дене төзімділігін төмендетеді. Нәтижесінде олар жұқпалы ауруларды тез жұқтыруға бейім болады.
Қорыта айтқанда, теңіз жануарларының мекендейтін ортасының ластануы мен олардың вирустық инфекцияларды жаппай жұқтыруы пневмония індетін асқындырып, Каспий итбалықтарының қырылуына әкеп соқтырған.
Фото: Сәкен Ділдахмет