Жаңа зерттеулер ұлы ханның қайда жатқаны жөнінде не дейді?
Жаңа зерттеулер ұлы ханның қайда жатқаны жөнінде не дейді?
XIII ғасырда Еуразия кеңістігінде алып империя құрған, әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы» ретінде мойындаған Шыңғыз хан – тарихтағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі. Сырттай қарағанда, әлемдік тарихнамада Шыңғыз хан туралы жан-жақты зерттеліп, толымды дүниелер көптеп жарыққа шыққандай көрінуі мүмкін. Алайда, ғалымдарды әлі күнге дейін толғандырып жүрген сауалдарға сәуле түсіретін жазбалардың өте аз сақталғаны аян.