Дәстүрлі қытай медицинасында өте жоғары сұранысқа ие бұл қорқақ мақұлықтың дүниежүзіндегі заңсыз саудасы қызып тұр.
Дәстүрлі қытай медицинасында өте жоғары сұранысқа ие бұл қорқақ мақұлықтың дүниежүзіндегі заңсыз саудасы қызып тұр.
Еліміздің аумағында таутеке атып алған испандық екі азамат ұсталды. Бұл туралы Геология, экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Жоңғар-Алатау паркінің мемлекеттік инспекторлары тамыздың 2-сі күні кешкі сағат 19:30 шамасында «Тоқты мемлекеттік табиғи қаумалы аумағынан Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікте еліміздің бір азаматы мен екі испан азаматы болған. Көлікті тінту барысында жүк салғышынан 2 Сібір таутекесінің басы терісімен және екі қапқа салынған салмағы 60-62 кг еті, сондай-ақ шетел азаматтарына тиесілі Mannlicher, Блейзер маркалы екі қару тәркіленді.
Аталған факті бойынша іс тергеп тексеру амалдарын жүргізу үшін Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне жіберілген.